Атбасарды су басып жатқанда шенеунік кабинетінде отырып пара алған


Жеке кәсібін кеңейткісі келген Мариновка ауылының тұрғыны жер қатынастары бөліміне өтініш білдіріпті. Бұған дейін де бірнеше жыл бизнеспен айналысқан қалталы азаматтың өтінішін оңай қабылдағысы келген бөлім басшысы оған қызметін бұлдап, кезекке тұрмай-ақ жеңіл жолмен жер алып бермек болған. Шенеунік сол миллионды жұмыс кабинетінде санап алып жатқан жерінде қолға түсті.