«Енді барлық зардап шеккендер баспаналы болды. Атбасар ауданы бойынша төтенше жағдайды жою жөніндегі жұмыс жоспарына енгізілген барлық шаралар толық мөлшерде орындалды», - делінген облыстық ішкі саясат басқармасының бүгінгі хабарламасында.
Бұрын хабарланғандай, Атбасар ауданында көктемгі су тасқыны салдарынан 500-ден астам үйді су басып қалған болатын.
Төтенше жағдай салдарын жою үшін республикалық және облыстық бюджеттен 2 млрд 169 млн теңге бөлінген.