Атбасарға тонналап азық-түлік жөнелтілуде


Материалдық көмекке 20 млн-дай теңге жұмсалыпты. Оған құрылыс заттары, 10 тонна ұн мен 5 тонна картоп тәрізді әртүрлі азық-түлік жіберген. Бұдан басқа әйелдер мен ерлердің киім-кешегі, балаларға арналған 20 кереует те бар. Еріген қар мен арнасынан асқан өзен суы Атбасардың 5 бірдей көшесін түгел шайып кеткен болатын. Мұнда қазір жүзден астам үйдің тұрғындары көмекке мұқтаж. Оларға қазір жатын орын, ыстық тамақпен қамтылуда. Қайырымдылық көмекті тұрғындарға қылдай етіп бөлу үшін арнайы комиссия да құрылған.