Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде YouTube-тағы @Mihrabkz арнасына берген «Нұржан Смағұлов: “Атеизм — XXI ғасырдағы ең үлкен алдауы ма?”» атты сұхбаттан үзінді таралуда. Онда уағызшы Ахмет Байтұрсынұлының «Маймыл» өлеңіне түсініктеме береді. Өлеңді интерпретациялау мәнері мен жасаған тұжырымдары желі қолданушыларының наразылығын туғызды.
“Атеистер бұл өмірде өзін шаршатып жүрген адамдар. Атеистерде жақсы идея қалыптаспайды”, - деген уағызшы.
Бұған дейін де Нұржан Смағұлдың педофильдер туралы айтқан сөзі де желіні шулатқан еді.
“Педофилдің болуы - Алланың барына дәлел емес пе? Қалай ойлайсыздар? Керісінше, педофилдің жоқ болуы Алланың барына дәлел болмауы керек. Педофилдің болуы - Алланың бар екеніне дәлел. Неге деп ойлайсыздар? Жігіттер, егер Алла болмаса, біздің қалауымыз орындалады, дұрыс па?”, - деген еді.