АТФ банкі Қазақстан қор биржасына 13 млрд. теңгенің облигацияларын шығармақшы

"Бүгінде теңгемен шығарылатын облигацияларды тіркеу процессі жүргізілуде",- деді Т.Исатаев. Бұл - 7-10 жылдық облигациялар болмақ. "Қазіргі жағдаймен Қазақстандағы ішкі рынок батыс рыноктарымен салыстырғанда артықша тиімді шарттарды ұсынуда",- деді банк басшысы.

2004-жыл қорытындысына тоқталған Т.Исатаев: "банк жеке капитал мөлшерін екі есе арттырып, кіріс мөлшерін біршама өсірді",- деп мәлімдеді. Қазіргі жағдаймен АТФ банкі Қазақстан рыногында 7 процент шамасында үлес иемденіп отыр. "Алдағы 2-3 жылда біз нарықтағы үлесті 10 процентке жеткізуді міндет етіп қоятын боламыз",- деді Т.Исатаев.
2005-жылғы 1-қаңтардағы қаржылық есеп мәліметтері бойынша АТФ банкінің активтері 173,7 млрд. теңгені құрап, 2004-жылғы өсім 82 процент болды. 2004-жылы таза пайда 2,3 млрд. теңгені (2003-жылы 1,5 млрд. теңге), жеке капиталы 18,2 млрд. теңгені (2003-жылғы 1-қаңтарда 8,3 млрд. теңге) болды.