АТФБанк басқарма басшысының орынбасары тағайындалды

11 желтоқсанда директорлар кеңесі төмендегідей шешімдерді қабылдады: "АТФБанк" АҚ басқармасының сандық құрамы 7 адам болып белгіленсін, 2015 жылдың 14 желтоқсанынан бастап Мұхтар Сапарәліұлы Бөбеев "АТФБанк" АҚ басқарма басшысының оырнбасары, басқарма мүшесі болып тағайындалсын.

Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында хабарланды.