Т.Исатаевтың айтуынша, акциялар пакетінің акционерлік қоғамның директорлары кеңесінің шешіміне вето қоюға мүмкіндік беретін төрттен бір бөлігін сатып алуға бағытталған бірінші кезең аяқталды. 2004-жылдың 10-маусымында "АТФБанкі" ААҚ "Энергобанк" ААҚ-ның дауыс беру құқығы бар акцияларының жалпы көлемінің 34,4 процентін 1 млн. долларға сатып алды.
"Энергобанк" ААҚ-ның акциялары пакетін сатып алу шарасы биылғы жылдың сәуір айында жүзеге асырылған. Ол үшін екі елдің банктердің іс-қызметін қадағалаушы мекемелерінен қажетті рұқсат құжаттары түгелдей алынды. Т.Исатаевтың айтуынша, 2004-жылдың 11-мамырында қол қойылған келісім-тапсырмаға сәйкес және Қырғызстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары бойынша сауда-саттық шарасы қор биржасында өткізіліп, ол биылғы жылдың 15-маусымында"Энергобанк" ААҚ акцияларын иемденушілердің реестрінде тіркелді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Энергобанк" ААҚ-ның бас кеңсесі Бішкекте орналасқан, ел көлемінде 6 салалық бөлімшесі бар. Энергобанк акционерлерінің арасында энергетикалық кәсіпорындар мен Қырғызстанның алтын өнеркәсібі компаниялары бар. "Энергобанк" ААҚ 2003-жылды 400 мың доллар мөлшерінде таза пайдамен аяқтады. Негізгі көрсеткіштері бойынша бұл банк Қырғызстандағы жетекші бестікке кіреді.