«Атлетико» «Барселонаны» Чемпиондар лигасының жартылай финалына өткізген жоқ

«Атлетико» футболшылары есепті 36-шы минутта ашты: Саульдің тепкен добын Антуан Гризманн  қақпаға басымен кіргізді. Екінші таймның алғашқы минуттарында мадридтіктер бірнеше мүмкіндікті жіберіп алған, бірақ оны кездесудің соңында  жүзеге асыра алды.

Алаң иелерінің қарымта шабуылы кезінде «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста өз айып алаңында допқа қолын тигізіп алды.11 метрлік айып добын Антуан Гризманн қалт жібермеді.

Осылайша, «Атлетико» екі матч нәтижесінде «Барселонаны» 3:2 есебімен ұтты.