Мына кадрлар биыл көктемде түсірілген. Сол жолы үш күн бойы қылмыскерлердің қамауында болған 13 жасар Сергей аман- есен ата анасымен қауышты. Сөз байласқандар кәсіпкердің ұлын мектептен қайтып келе жатқанда ұрлаған. Бет аузын матап, Көкшетаудағы жалдамалы пәтерлердің біріне жеткізіпті. Ондағы мақсаттары баланың бай әкесінен ақша бопсалау.
- 300 мың теңге бопсалаймыз деп ойлаған
Басты айыпталушы ретінде сот алдында жауап берген Атабек Мұқанов. Полиция капитаны өзі сияқты сынақтан сүрініп жұмыссыз қалған екі азаматты қылмысты бірге жасауға үгіттепті. Өзі ішкі істер органдарында қызметте жүргенде баланың ағасын есірткі саудасы үшін абақтыға қамаған екен. Бұл отбасының дәулетті екенін сол кезде білген.
-Қаскөйлердің баланың ұялы телефонын көліктен лақтырып жатқан сәті бақылау камерасына түсіп қалыпты. Осының арқасында тәртіп сақшылары көлік иесі Атабек Мұқановтың ізіне түскен. Алайда ол тәртіп сақшыларына қылмысы туралы ләм- мим деп тіс жармапты.
Басшылары ұсталған соң сыбайластары үш күн өткен соң өздері полицияға телефон шалып, баланы босатып жіберген. Ертеңіне екеуі өз еркімен тәртіп сақшыларына беріліпті. Сот осыны ескерсе керек.
Бақытжан Сатыбалдинова, судья:
- Асанбаев Қайсар мен Құбадаев Нұрлан кінәсіз деп табылып, сот залынан босатылсын. Ал қылмысты ұйымдастырғаны үшін Атабек Мұқанов 7 жылға бас бостандығынан айырылсын.
Бұған дейін прокурор Атабек Мұқановты 14 қалған екеуін 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда судьяның қылмыстық топ құрып, бала ұрлағандарға неліктен жаны ашығаны түсініксіз күйде қалды.
Серік Досанов, адвокат:
-Сонда бала ұрлауға болады?Егер қайтарсаң, саған ештеңе болмайды, солай болып тұр ғой заң бойынша?
-Заң бойынша қайтарса баланы онда жеңілдік жасалады. бар.
Сот шешімі бойынша, бұрынғы тәртіп сақшылары баланың ата- анасына бір жарым миллион теңге моральдық өтемақы төлейтін болды.