Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова педагогтерді аттестаттау қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы мәлімдеді. Жаңа тәртіпке сәйкес, мұғалімдер үшін міндетті пәндік білімді бағалау тестілеуі алынып тасталды.
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте вице-министр педагогтерді бағалау тәсілі қайта қаралғанын айтты.
Енді мұғалімдердің кәсіби деңгейі тест нәтижелерімен емес, олардың күнделікті жұмысы мен білім беру сапасына қосқан нақты үлесі арқылы бағаланады.
Сонымен қатар пәндік тестілеу толық жойылмайды. Ол:
Білім беру жүйесінде тестілеуге тәуелділікті кезең-кезеңімен азайту көзделіп отыр. Осыған байланысты педагогикалық жоғары оқу орындарына қабылдау кезінде гибридті бағалау моделі енгізілмек. Бұл модель тест нәтижелерімен қатар арнайы емтихандарды да қамтиды, - деді Ақпарова.
Сондай-ақ педагогикалық мамандықтарға қойылатын талаптар күшейтілді. Енді шекті балл 75-ке дейін көтерілді. Бұл шара мұғалім болуға үміткер талапкерлердің сапасын арттыруға бағытталған.
Вице-министрдің сөзінше, жас мамандар үшін тестілеудің сақталуы олардың академиялық дайындық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Ал білім беру ұйымдарының басшылары үшін бұл – басқарушылық шешімдер қабылдауға қажетті нормативтік-құқықтық білім деңгейін бағалау тетігі.