Атырау әкімдігі 150 миллион теңгеге көлік сатып алмақ

Бұл ақпаратмемлекеттік сайтта жарияланған. Лотқа тапсырыс берген Атырау облысы әкімдігінің аппараты. Олар жоғары лауазымды қонақтарды күтіп алуға арналған бұл машиналардың барлығы отандық өндірушілерден алынатынын айтып отыр. Ал әкімдіктегі көліктер 2001 жылдан бері ауыстырылмапты. Бірақ қоғамдық бірлестік өкілдері мұны ысырапшылдық деп отыр. Айта кетейік, аталған форумға Ресейдегі 14 аймақтың губернаторлары мен министрлері, еліміздегі барлық облыс әкімдері мен кәсіпкерлер қатыспақшы.


Макс Боқаев, қоғамдық белсенді:

-Егер балаңыздың қыста киетін аяқ киімі жоқ, жүгіріп барып қонақ қарсы алам деп қой алғандай. Қонақтарымыз келе жатыр, соларға көлік керек деп сонымен салыстыруға болады. Қазақстанда деп шығарылып жатқан көліктердің бәрі 85 пайызы құралдарының шетелден алып келеді, біздікі әрі кетсе 15 пайыз, ол деген ақшаның бәрі шетелге кетіп жатыр деген сөз.