Аталмыш байқау Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің бастамасымен тұңғыш рет ұйымдастырылды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, жазушы Илья Жақанов төрағалық еткен қазылар алқасы 23 үміткердің арасынан таңдаулыларды анықтады. Байқауға қатысқандардың шығармалары жеке жинақ болып жарық көрмек.
Д.Қажымов пен З.Сисенғали бұл өнер сайысына «Атырау - алыптар мекені» әнімен қатысты. Бұл қос автордың «Ақ Жайық - ару мекенім» атты туындысы қазіргі кезде Батыс Қазақстанның әнұраны іспеттес кеңінен таралған.
«Әрине, әңгіме алған орында емес, әннің айтылып кетуінде. Бұл жағынан алғанда, Донеділдің әні сәтті шықты деп ойлаймын», дейді Закария Сисенғали.