Бұл туралы «ҚазТрансГазАймақтың» өндірістік филиалынан хабарлады.
Жөндеу жұмыстарына байланысты 16-19 қыркүйек аралығында Атыраудың сол жағалауына газ беру тоқтатылады. Бұлар - Привокзальный, Жилгородок, Балықшы, сондай-ақ Мақат ауданындағы Доссор кенті.
«Бұдан басқа 20 - 24-і қыркүйек аралығында Атырау қаласының оң жағалауындағы Авангард, Абая алаңы, Лесхоз шағынаудандары, Махамбет және Индер аудандары»,-деп түсіндірді «ҚазТрансГазАймақтың» өндірістік филиалынан.