Ол түрлі сынықтармен, оның ішінде омыртқа зақымдарымен облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Жас футболшының жағдайы өте ауыр деп бағалануда, қазір дәрігерлер қан донорларын іздестіріп жатыр.
- Иә, өкінішке орай, ол көлік рөлінде болған. Көлікте тек Дәурен болыпты. Қазір қан іздестіріп жатырмыз. Біздің жігітіміз сүйікті футболына қайта оралып, «Атырау» намысын қорғауды жалғастырады деп үміттенеміз, - деп хабарлады «АЖ» тілшісіне «Атырау» ФК бас бапкерінің міндетін атқарушы Қуаныш ҚАБДОЛОВ.
Атырау облыстық Полиция департаментіндегілер әзірге жол-көлік оқиғасы туралы әлі түсінік берген жоқ.
«Екінші» нөмірлі ойыншы Дәурен Мәжитов маусым басталғалы бері алаңда 1275 минут өткізіп, 1 гол соқты.
- 21 қыркүйекте таңғы сағат бесте Атырауда жол-көлік оқиғасы орын алды - «Лада Приора» көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, «УАЗ» көлігімен соқтығысқан. «Лада» жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінде
Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.