Атырау маңында қоймадан өрт шығып, жетпіс тонна мотор майы жанып кетті


Облыстық ТЖ департаменті таратқан хабарламаға қарағанда, оқиға бейсенбі күні болған. Қойманың 1225 шаршы метрі өртеніп, 70 тонна мотор майы жанып кетті.
Тілсіз жау бірнеше сағаттан кейін ауыздықталды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.