«Осыдан екі сағаттай бұрын қалаға кіретін жерде жиырмадан астам ірі қара мал тиеген «Камаз» көлігі мен «Опель омега» көлігі соқтығысты. Бірнеше сиыр өлген, қазір олардың нақты саны анықталуда», деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық полиция баспасөз қызметінің басшысы Гүлназира Мұхтарова мәлімдеді.
"Камаз" жүргізушісі зардап шекпеген, ал жеңіл көліктің 24 жастағы иесі ауруханаға жеткізілді.