Атап айтқанда, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Атырауда бүгін түнде жеке үйдің жертөлесінде өрт шыққан.
6 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндіру барысында өртеніп кеткен еркектің денесі табылды.
Өрт 2.20 ауыздықталды. Өрт сөндіруге Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 1 бірлік техникасы мен жеке құрамның 7 адамы жұмылдырылды.
Сонымен қатар, бүгін түнде Өскеменде екі қабатты көп пәтерлі үйлердің бірінде өрт шыққан. 2 шаршы метр аумақты шарпыған тілсіз жауды ауыздықтау барысында 77 жасар еркектің денесі табылды.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, өрт 2.47 ауыздықталған. Өрт сөндіруге Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 2 бірлік техникасы мен жеке құрамның 9 адамы жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті