Атырау мұнай өңдеу зауыты "АНПЗ-ТРАНС" компаниясымен арадағы келісімді үзді

Атырау мұнай өңдеу зауыты бұл қадамды зауыттың қожайыны болып табылатын

"ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның оңтайландыру саясатына орай шығарған бұйрығымен байланыстырып түсіндіреді. Зауытпен тамырлас компанияға бұл шешім жай түскендей әсер етіп отыр. Келісім шартының бұзылуын заңсыз деп тапқан "АНПЗ-ТРАНС" ЖШС сотқа шағым түсірді.
"АНПЗ-ТРАНС" ЖШС Швейцариялық компанияның 70 проценттік, Атырау мұнай өңдеу зауытының 30 проценттік үлесімен 1997-жылы құрылған. Бүгінге дейін "АНПЗ-ТРАНС" ЖШС мұнай өңдеу зауыты үшін теміржол даяшылығын жасап, транспорттық-экспедиторлық қызмет көрсетіп келді.