Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 100-ден астам адам сөндіруге қатысқан

Атырау мұнай өңдеу зауытында дүйсенбі күні таңертең өрт шықты, деп хабарлады Sputnik өңірдің ТЖ жөніндегі департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство хабарлауынша, вакуум блогы тұтаныпты.

10.10 кезінде өрт шыққаны туралы хабар келіп, 10.30-да сөндірілген.

Өртті сөндіруге 14 техника пайдаланылып, 120 өрт сөндіруші қатысты.

Өрт зауыт өндірісіне кедергі келтірген жоқ. Өртену аумағы 10 шаршы метр.