"Біз Атырау мұнай өңдеу зауытының құрылымынан профильді емес активтерді біртіндеп шығарудың үш жылдық бағдарламасын әзірледік", - деді Д. Тиесов.
Директор орынбасарының ақпараттарына сүйенсек, "зауыттың қалыптасқан құрылымы бұрынғы кеңестік тәжірибенің талаптарына сай құрылған болатын. Яғни, мұнай өңдеу зауытының құрамына тек технологиялық цехтар ғана кіріп қоймай, монтаждау басқармасы, құрылыс басқармасы, көлік цехы және көптеген қосымша бөлімшелер енген".
"Қазіргі уақытқа дейін негізгі өндіріспен айналыспайтын, яғни, мұнай өнімдерін шығармай, инфрақұрылымдық қызмет көрсетумен шұғылданатын осы бөлімшелердің бірқатарын мұнай өңдеу зауытының құрамынан шығарып, өз шығындарын өздері өтеуге - еркін нарыққа шығаруды дұрыс деп шештік. Бұл бізге мұнай өңдеу зауытының құрылымын неғұрлым тиімді қылуға мүмкіндік береді", - деп хабарлады Д. Тиесов.
Сонымен бірге, "біз бұл Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысшыларын босатумен байланысты белгілі бір әлеуметтік салдарға ие болатынын түсінеміз. Сондықтан, біз бұл бағдарламаны біртіндеп, бірнеше жыл ішінде іске асыруды ұсынып отырмыз", - деп қорытындылады директор орынбасары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті