Атырау облыстық полицейлер бір тонна бекіре балығының контрабандасына тосқауыл қойды

Полицейлер жүктің иесі болып табылатын Ресей азаматы мен автокөлік жүргізушісі - Қазақстан азаматын ұстады.

Тергеу нәтижесінде белгілі болғанындай, ұсталғандар "Газель" автокөлігімен бір тонна бекіре тұқымдас құнды балық түрін Қазақстан аумағынан шығарып әкетуге әрекет жасаған. Аталмыш дерек бойынша тергеу амалдары жүзеге асырылуда.