Табиғат қорғау прокуратурасының ақпаратына сәйкес, құрылыс және коммерциялық мақсатта ТШО-ның иелігіне шартпен берілген аумақтан компания заңсыз құм мен батпақ алып пайдаланған.
Облыстық прокуратураның қорытындысы бойынша, компания пайдаланған материалдар жер қойнауының байлығы- мемлекет меншігі болғандықтан оларды игеру үшін тиісті органдармен келісім-шартқа қол қою керек.
Қазіргі жағдаймен мұндай заң бұзу туралы ақпарат Атырау облыстық әкімшілігі мен ҚР бас прокуратурасына келіп түсті.