Атырау облыстық құтқарушылар Каспий теңізінде жоғалып кеткен 4 адамды іздестіруде

Ақпаратқа сәйкес, кеше, 14-қарашада облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға бір жергілікті тұрғын хабарласып, осыдан үш күн бұрын, 11-қарашада моторлы қайықпен теңізге шыққан 4 адамның оралмағанын хабарлаған. Олардың арасында іздеу салушының екі туысы бар. Қазір ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің судан құтқару қызметі адамдарды іздестіруде.