Оның бастамасымен құрылған қылмыстық топ 250 млн.-нан астам бюджет қаражатын ұрлаған. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.
Аталған қылмыстық топтың құрамына «Атырау» облыстық волейбол командасының директоры Мұхамеджанов, команданың есепшісі Харькина және бас бапкер Запевалов кірген. 2008-2012 жылдар аралығында олар команданың оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 253 млн.теңгені жымқырған. Бүгінде команда директоры Мұхамеджанов және бас бапкер Запевалов қамауға алынса, қылмыстық топтың басшысы Жанкеевке іздеу жарияланды.