Атырау облысы әкімшілігінің қызметкеріне күдік келтірілуде

Атырауда облыстық әкімшіліктің конкурстық комиссия мүшелерінің электронды цифрлік қолтаңбалары ұрланды, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстанға" облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.


           Оның айтуынша, ұрланған электронды цифрлік қолтаңбалар мемлекеттік сатып алу сайтына заңсыз кіру үшін пайдаланылған. Ондағы мақсаттары, конкурсқа бір ЖШС қатыстыру туралы хаттамаға қол қою керек болған.
           "Күдіктілердің қатарында облыстық әкімшіліктің бір қызметкері де бар, ол конкурстық комиссия мүшесі және мемлекеттік органдарға компьютерлік бағдарламалар орнату жөнінде қызмет көрсетуші коммерциялық фирманың үш қызметкері. Бәрінің де компьютерлерге енетін мүмкіндіктері болған".
           Қазіргі уақытта бұл факті бойынша тергеу жүргізілуде. Қылмыстық іс қозғалды.