Атырау облысы қайтадан «қызыл» аймаққа кірді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Бағалау матрицасына сәйкес, кеше, яғни 5 қаңтарда елде бір де бір облыс «қызыл» аймақта болмаған еді.

Алайда, бүгінгі мәлімет «қызыл» аймаққа Атырау облысының енгенін хабарлап отыр.

Сонымен қатар, «сары» аймақта әлі де Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, СҚО, Қостанай, Павлодар облыстары тұр.


Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта.

Бүкіл Қазақстан аумағы да «жасыл» аймақтың ішіне белгіленген.