Дәрігерлердің мәліметінше, облыста әрбір 100 мың адамға "Кох таяқшасын" жұқтырған 185,3 науқастан келеді. Оның 1,5 мыңға жуығы дерттің ашық түріне шалдыққан, яғни, дертті таратушыларға саналады және жыл сайын орта есеппен 10-12 адамға ауру жұқтырады. "Тек өткен жылы жаңадан ауруға шалдыққан 883 адам тіркелді. Осы ретте құрт ауруына шалдыққандардың жас мөлшері жылдан -жылға төмендеп келе жатқанын айта кету керек: туберкулезбен ауыратындардың 85%-ы - 15 - 45 жас аралығындағылар", - деді Е. Уайысов.
Ал облыста мамандар өте тапшы. Туберкулез ауруханаларындағы дәрігерлер корпусы бүгінде 67%-ға ғана толық. Кейінгі үш жылда облыстан 11 фтизиатр кетсе, келгені небәрі - 2.