Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаевтың мына суреті қазір әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Оқиға 6 мамыр күні болған. Жылыой ауданындағы соғыстан оралмаған боздақтарға арналған ескерткіш тақтаны ашу кезінде. Жаңбыр жауып тұрған сәтте шенеуніктің қолшатыр астында, ал кеудесі медальға толы майдангердің балдаққа сүйеніп, жауын астында тұрғанын шараға қатысушылардың бірі түсіріпті. Нақпаевтың өзі бүгін мұны түсінбеушіліктен болған деді. Айтуынша, майдангерді кеш байқап, бірақ кейін қолшатырымен бөліскен. Дәлелі ретінде суретін де көрсетті.
Сәлімжан Нақпаев, Атырау облысы әкімінің орынбасары:
-Мен бірінші болып сөйлеп, кешенді аштым. Одан кейін аудан әкімі сөйледі. Сол кезде менің көмекшім маған қолшатырды алып келген. Мен байқағаннан кейін қолшатырды қасымда оң жағымда тұрған ардагермен екі ортаға тұруын сұрадым.
Loading...