Атырау облысында 10 жасар ұл 3 жастағы қарындасын атып тастады

Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, "Рейнджер" атты бес оқты винчестердің оғы тиіп ауыр жарақаттанған қыз ауруханада қайтыс болған.

Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Мұндай оқиғаларға көбінесе ересектердің салақтығы себепші, дейді тәртіп сақшылары. Қару-жарақ жабық металл шкафта немесе балалардың қол жетпейтіндей жерде сақталуға тиіс, дейді полициядағылар.