Атырау облысы әкімінің орынбасары Манас Тасыбаевтың айтуынша, "есеп-қисаптың қорытындысы бойынша, Атырау облысында төселген 1762 шықырымдық тас жолдың 1134 мүлдем тозған. Олардың 1127 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстарын жасау қажет болса, 429 кезекті жөндеулер жүргізу керек".
Сондай-ақ, облыс әкімдігінің ақпараты бойынша, ауыл -аймақтарға апаратын жолдар апаттық жағдайда.
"Бұл мәселені тез арада жергілікті бюджет есебінен шешу мүмкін емес, өйткені жол жөндеуге айтарлықтай қаржы керек", - деді М.Тасыбаев.
Оның хабарлауынша, әкімдік ҚР ауыл шаруашылық министрлігіне жолдарды қайта жөндеу жобаларына қаржы бөлу жағынан көмек көрсету жөнінде хат жіберген.
Әкім орынбасарының атап өткеніндей, Атырау облысында 2007-2010 жылдары ауыл аймақтарының дамуы жөнінде бағдарламасы енгізілгендіктен, облыс әкімдігі ауыл шаруашылық министрлігінің көмегіне жүгініп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, аталған бағдарлама биыл 11 сәуірде облыс мәслихатының 3 шақырылымында мақұлданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті