Атырау облысында 2003-жылы ауаға тасталатын зиянды заттар мөлшері 24 мың тоннаға азайды

А.Мусиннің айтуынша, 2003-жылдың маусым айында Атырау облысында тұңғыш рет облыстық мәслихат сессиясының шешімімен "Қоршаған ортаны қорғаудың 2003-2005-жылдарға арналған кешенді бағдарламасы" бекітіліп, жүзеге асырыла бастады.

Бағдарламаны жүзеге асыру аясында бұған дейін тіркеуде тұрмаған және қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем төлемей келген 2000-нан астам табиғат қорын пайдаланушы анықталып, тіркелді деді облыс әкімі.
А.Мусиннің айтуынша, 2002-жылы ауаға тасталған улы заттар мөлшері 174 мың тоннаны құраса, 2003-жылы бұл сан 150 мың тоннаға дейін азайды.