Атырау облысында аусыл дертінің таралуына байланысты карантин 11-маусымға дейін ұзартылды

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 14-мамырда Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында жеке меншіктегі 1200 бас ірі қарадан 348 басты малдың аусылға шалдыққаны анықталды. Оның 18-і өртеліп, арнаулы мал қорымына көмілді. "Диагнозды "Республикалық мал дәрігерлік зертхана" РҚКК қан сынамасын зерттеу арқылы зертханалық тексеруде анықтады",- деп хабарлады баспасөз қызметі. Аусылға шалдыққан малдың саны 2136-ға жетті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті