Атырау облысында автобус аударылып бірнеше адам қаза тапты


Мерседестің ішінде 6 жолаушы болыпты. Мәліметтерге қарағанда, барлығы   Павлодар облысының тұрғындары. 52, 40 және 30 жастағы үш азамат оқиға орнында көз жұмған. Тағы үш жолаушы мен жүргізуші Доссордағы ауруханаға жеткізілді. Кейін олардың біреуі ауруханада қайтыс болды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.