Атырау облысында автокөліктің аударылуы салдарынан 3 адам қаза тапты

ТЖМ ақпаратына сәйкес, апат 27 қазанда 05 сағатта Калинино ауылында болған.

"Жүргізуші оқиға орнныда қаза тапса, тағы екі жолаушы ауруханада қаза тапты. Тағы бес адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды", -деп нақтылайды мекемедегілер.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 қазанда 15 сағатта Шығыс Қазақстан облысында Семей-Қарауыл трассасында "БМВ" көлігі аударылды.

"Апат салдарынан 54 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлайды мекеме.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті