Бір тәулік бойы 4 адамнан хабар-ошар болмағасын дабыл қағылып, полицияға хабарланыпты. Іздеу жұмыстарына құтқарушыларымен қатар тұрғындар да атсалысып, маңайды 60 адам түгел тінтіп шыққан. Ақыры тікұшақ тартуға тура келді. Жоғалғандар сол әуе көлігінің арқасында Каспий теңізіндегі «Новинский» аралдарының маңынан табылды. Барлығы дін аман. Айтуларынша, әуелі мініп шыққан көліктері, кейін JPS-навигатор істен шығып, бағыттарынан жаңылған екен.
Loading...