Полицияның ақпараты бойынша, Атырау облысы ІІД балық запастарына қастандық жасау қылмысымен күрес бөлімінің қызметкерлері жүргізген рейд шаралары кезінде "Атырау-Астрахань" тас жолында Орал тұрғыны жүргізіп келе жатқан "ВАЗ-2107" автомашинасы ұсталған. Көлуікті тінту барысында құжатсыз 200 кг бекіре тұқымдас балық табылып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша тексеру жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті