Атырау облысында бір баланы қамқорға алған ата-ана айына Т38 алады

«Атырау облысында тәрбиенің мұндай түрі 2003-ші жылдан бері жұмыс істеуде. Бүгінге облыста 18 жетім қамқорлықтағы отбасыларында тұрады. Бір баланы тәрбилеуге оны қамқорлыққа алған, немесе патронатты ата-анаға айына Т38,158 төленеді», - деді облыстық басқарманың бастық орынбасары Злиха Дүйсекенова.

Ол сондай-ақ жетім баланы қамқорлыққа рәсімдеуге болатынын атап өтті. Өткен тоқсанда 23 баланың үстінен қамқорлық рәсімделіпті.

Ведомство мәліметтерінше, 2011-ші жылғы бірінші тоқсандағы жағдай бойынша, балалар үйі мен интернаттарда тұл жетім немесе ата-аналарын ондай құқығынан сот арқылы айырған 150 бала бар. Жыл басынан бері 33 бала өз отбасына оралды немесе жаңа отбасыларын алды.

«Былтыр Атырауда 158 баланы, 2009-шы жылы – 102 баланы асырап алды», - деп тұжырымдады З. Дүйсекенова.