Полицейлердің ақпараты бойынша Батыс ІІД қызметкерлері Атырау-Алматы бағытындағы № 29 пойызында жүргізген тексеру жұмыстары кезінде Атырау облысының тұрғынын қолға түсірді. "Әйелдің жүктерін тінту кезінде сайғақтың 45 мүйізі табылып тәркіленді",- деп түсініктеме берді табиғатты қорғау полициясының бөлімшесінен. Алдын-ала келтірілген есеп бойынша мемлекет қазынасына 5 млн теңге көліменде шығын келтірілген.
"Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 183 бабы бойынша /қылмыстық жолмен табылған мүлікті жымқырды және саудаға салды/ қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті