«Теңізшевройл» ЖШС 7,1 миллион тонна шикі мұнай немесе 56,7 млн. баррель мұнай өндірді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
«2015 жылы ТШО түрлі бағыт бойынша шикі мұнайды экспорттаған: Новороссийскіге Каспий құбыр консорциумы құбыры арқылы, темір жол арқылы Одесса, Тамань және Ақтауға тасымалдады. Ақтаудан қара алтын Батуми және Кулевиге жөнелтілді», - деп ақпараттандырды ТШО баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, Теңіз және Корольдік кен орындарынан игеріліп жатқан мұнай қоры 750 млн-нан 1,1 млрд. тоннаға (6-9 млрд. баррель) дейін жетеді. Теңіз коллекторында барланған қор 3 млрд. тоннаны (26 млрд. баррель) құрайды.