Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Атырау облысында 21 шілдеде 18 сағат 20 минутта Қызылқоға аудандық № 10 өрт сөндіру бөлімшесіне Жанкелді ауылдық округіндегі учаскелерде өрт шығып жатқаны жайлы хабар келіп түскен.
Өрт 21 шілдеде 23 сағат 32 минутта сөндірілді. Өрт 15 мың гектардағы 8 жайылымның аумағын қамтыды.