«Атырау облысында 26 сәуірде ҚР Президентінің сайлауын өткізу үшін 9 аумақтық сайлау комиссиясы мен 232 учаскелік сайлау комиссиясы, оның ішінде жабық учаскеде 12 комиссия ұйымдастырылды. Облыста 136 сайлау учаскесі мектептерде, 13-і ұйымдарда, 14-і медициналық мекемелерде, 3-еуі әскери бөлімдерде, 9-ы колледждерде, 47-сі мәдениет үйлерінде, 10-ы балабақшалар мен оқу орындарында орналастырылды», - деп хабарлады А. Ибрашев.