Атырау облысында дүлей дауыл ауылдың астан-кестенін шығарды


Төбесін тұтасымен ұшырып әкетіп, қатты зақым келген ғимараттар арасында мәдениет үйі, амбулатория, ауылдағы жалғыз балабақша мен орта мектеп бар. Дауылдан тіпті емдеу мекемесі мен білім ошағының терезесі сынып, темір қоршауларына дейін құлаған. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Қазір облыс орталығынан 600 шақырым жердегі Сүйіндік ауылында бүлінген ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары басталды.