Мамандардың болжамы бойынша, салынатын жаңа зауыт бүкіл Орта Азия өңіріндегі газ құбырлары жабдықтарына қалыптасқан сұранысты қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар бұл кәсіпорын Ресей өндірісінің тапсырыстарын да орындайтын болады деп жоспарлануда. Бұл жобаның жалпы құны 35 млн. АҚШ долларына бағаланып отыр.
Салынайын деп жатқан газ құбырларын жөндейтін және газ құбырларына бөлшектер шығаратын зауыт Қазақстанда алғашқы, ал Орталық Азия бойынша жалғыз болмақ. Кәсіпорын құрылысы 2008 жылдың ІІ тоқсанында аяқталады.
Қазақстандағы алғашқы газқұбыры жабдықтарын жөндейтін "КазТурбоРемонт" зауыты құрылысының іргетасын қалау рәсіміне ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов пен ҚР премьер-министрінің орынбасары - экономика және бюджетті жоспарлау министрі Аслан Мусин арнайы қатыспақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті