Оның ақпараттарына сүйенсек, иесіз қалған үйдің маңында "Күзеттің" қарауындағы нысан болған. "Күзет құрылымының бірнеше қызметкері адам тұрмайтын үйге кездейсоқ бас сұққан, олар тұрмыстық қалдықтардың арасынан жарылғыш құрылғыларын тауып алған",- деп түсіндірді төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
С. Хайрушевтің айтуынша, қызметкерлер тауып алған қауіпті заттар туралы құқық қорғау органдарына жедел хабар берген. "Атырау қаласының ішкі істер бөлімінің қызметкерлері табылған заттың жап-жаңа граната екендігін растады",- деп атап өтті ол.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары аталмыш істі тергеу үстінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті