Атырау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймақтың бас санитар дәрігері лауазымына 37 жастағы Асылбек Шаров тағайындалды. Бұл коронавирустық инфекция эпидемиясы басталғаннан бері алтыншы тағайындау. Оған дейін бұл қызметті Мейіржан Есімбаев, Темірбек Мұсағалиев, Амантай Жұмағалиев, Сәдуақас Байғабылов және Қанат Ғайнеденов атқарды.
"Асылбек Шаров санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласында 14 жылдан астам еңбек етті, жұмыс тәжірибесі мол", - деді департаментте.
Асылбек Шаров 1983 жылы 11 наурызда Маңғыстау облысы Шетпе кентінде дүниеге келген. 2006 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын бітірген. Мамандығы бойынша дәрігер-гигиенист, эпидемиолог.
2016 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. Мамандығы бойынша заңгер.
Еңбек жолын 2006 жылдың 15 тамызында Жаңаөзен қаласы бойынша МСЭҚБ коммуналдық гигиена бойынша санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы болып бастады.
2006 жылғы 1 қарашадан 2011 жылғы 24 сәуірге дейін Маңғыстау облысы бойынша МСЭҚБ департаментінің радиациялық қауіпсіздікті қадағалау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2011 жылдың 24 сәуірінен 2012 жылдың 2 мамырына дейін Қарақия ауданы бойынша МСЭҚБ бастығы.
2012 жылдың 2 мамырынан 2014 жылдың 7 ақпанына дейін Жаңаөзен қаласы бойынша МСЭҚ басқармасының бастығы.
2014 жылдың 7 ақпанынан 2017 жылдың 27 сәуіріне дейін Жаңаөзен қалалық ТҚҚ басқармасының басшысы .
2017 жылдың 28 сәуірінен 2018 жылдың 25 сәуіріне дейін Жаңаөзен қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2018 жылдың 26 сәуірінен 2019 жылдың 13 наурызына дейін Түпқараған ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2019 жылдың 14 наурызынан 2020 жылдың 27 қаңтарына дейін Маңғыстау ауданы әкімі аппаратының бақылауды ұйымдастыру және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.
2020 жылдың 28 қаңтарынан 2020 жылдың 7 маусымына дейін Шетпе ауылының әкімі.
2020 жылдың 8 маусымынан бастап Маңғыстау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментінің жұмыс орындары мен коммуналдық мақсаттағы объектілердегі инфекциялық емес ауруларды бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.