Атырау облысында іргетас блоктарының құлауы салдарынан бір жұмысшы мерт болды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Атырау облысы Мақат ауданының Қарабатан кентінде "Теміржол Құрылыс Атырау" ЖШС аумағында 23 шілдеде 11 сағат 32 минутта А1-330-VA-101 қондырғысының орнықтылығын тексеру кезінде Ф-5 іргетас блоктары 2 метр биіктіктен опырылып, 36 жастағы жұмысшының үстіне құлаған, жарақат салдарынан ол оқиға орнында жан тапсырды.