Атырау облысында ірі жол апаты болды; 6 адам қаза тапты

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Опель" автокөлігі "Фольксваген" көлігімен соғысты. Соның салдарынан "Опель" көлігінің 18 жастағы жүргізушісі мен екі жігіт, сондай-ақ, "Фольксваген" көлігінің 27 жастағы жүргізушісі мен оның көлігінде отырған 21 және 27 жастағы екі жігіт оқиға орнында жан тапсырды.

Сонымен бірге, "Опель" көлігінде отырған 20 жастағы үш жігіт пен "Фольксваген" көлігінде отырған 25 және 27 жастағы екі қыз түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті