Caravan Logo

Атырау облысында ірі жол апатынан 5 адам қаза тапты

Атырау облысында ірі жол апатынан 5 адам қаза тапты

Ресейлік көлік Аққыстау селосынан Атырауға келе жатқан екен. Апат салдарынан «Грантаның» 37 жастағы жүргізушісі мен 49, 33 жастағы жолаушылары мерт болды. Қазақ тапқандар қатарында 25 жастағы келіншек пен оның 3 жасар сәбиі де бар. 37 жастағы тағы бір жолаушы бастан соққы алып, облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр. Ал, джиптің 30 жастағы жүргізушісі аман. Тек үш жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға түскен.

- Нақты қай жүргізуші тарапынан кемшіліктер кеткені сараптама өткізген соң анықтайтын боламыз. Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 345 бабының 4-ші бөлігімен соталды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, дейді Атырау облыстық ІІД анықтау басқармасы бастығының орынбасары Ринат Дагаров.