Атырау облысында кеден қызметінің жаңа жетекшісі тағайындалды

Ерлан Түлеубаев 1964 жылдың 16 қаңтарында Қостанай облысының Рудный қаласында туған. 1987 жылы ол Бауман атындағы Мәскеудегі жоғары техникалық училищесін, 2002 жылы Мәскеуде Ресей кеден академиясын бітірді. Е. Түлеубаев кеден органдарында 1992 жылдың мамыр айынан бері жұмыс істейді, 2003 жылдың сәуір айынан 2008 жылдың мамыр айына дейін Қостанай облыстық кедендік бақылау департаментін басқарды.

Бұған дейін Атырау облыстық кедендік бақылау департаментінің төрағасы болған кеден қызметінің полковнигі Құрманғали Тасмағанбетов 2008 жылдың 18 қаңтарында Ақтөбе облыстық кедендік бақылау департаментінің бастығына тағайындалды.