Атырау облысында көлік жылқыны соғып салдарынан өрімдей үш жас қаза тапты


Түнгі 3 жарымдар шамасында жеңіл көлік тас жолға шығып кеткен жылқыны соққан. Оқиға болған жерде екі жас қыз бен Индер аудандық ішкі істер бөлімінің 22 жастағы қызметкері көз жұмды. Жалпы көлікте  6 адам болған. Тағы үш адам: 22 жастағы жүргізуші мен 19 және 24 жастағы 2 жолаушы ауыр жарақат алып, аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қыз-жігіттердің барлығы бір тойдан келе жатыр екен.